Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 78 адам қайтыс болды

Өткен тәулікте Қазақстанда вирус жұқтырған 4 899 адам анықталған. 25 науқас пневмонияға шалдыққан.

Елімізде бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 78 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 78 адамның қайтыс болғанын айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Соңғы деректерге сүйенсек, коронавирустан 65 адам, ковидтік пневмониядан 13 науқас көз жұмды.

Бір күн бұрын коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 48 адамның қайтыс болғаны хабарланған еді.

Өткен тәулікте Қазақстанда вирус жұқтырған 4 899 адам анықталған. 25 науқас пневмонияға шалдыққан.

20 шілдедегі мәлімет бойынша, 61 627 адам коронавирус инфекциясынан (60 055 + және 1572 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 18 836 пациент стационарда, 42 791 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1130 адамның жағдайы ауыр,
  • 244 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 162 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Коронавирустың таралуы бойынша матрица жаңартылды. "Қызыл" аймақта тұрған қалалар мен өңірлер: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атыраус, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.

Соңғы деректер бойынша вакцинаның I компонентін 4 944 498 адам, II компонентін 2 875 083 адам салдырған.