Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Петропавлда прокурор пара алды деген күдікке ілінді

Ал Никитин осы күнге дейін екеу арасында болған әңгімені жазып алып, оны әлеуметтік желілелерде жариялап отырған...

Петропавлда прокурор пара алды деген күдікке ілінді
фото: ашық дереккөз

Солтүстік Қазақстан облысында сезіктіден жазасын жеңілдету үшін пара алды деген мемлекеттік айыптаушы күдікке ілікті деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Петропавл қалалық прокуратурасының бөлім бастығы Дәурен Сағындықов алаяқтық жасап, ақша бопсалағаны үшін түрмеге түскен Никитиннен істі оңтайлы шешіп беремін деп қомақты қаражат талап еткен. Прокурордың бұл ісі тәртіптік комиссияның отырысында қаралып, ол әдеп кодексін бұзуына байланысты жұмысынан босатылды. Ал Никитин осы күнге дейін екеу арасында болған әңгімені жазып алып, оны әлеуметтік желілелерде жариялап отырған.

Никитин пара берді деген айыптан, мынау біздің қызметкерге пара алу деген айыптан іс қозғалып, қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысында кімнің кінәлі екенін, қандай мән-жайлар бар екені анықталып, оған заңды шешім қабылданатын болады. Сағындықовты біз процессуалды емес байланыс бойынша ол мемлекеттік айыпталушы бола сотталып жатқан азаматпен бірге жүріп, сөйлесіп, сол факті бойынша біз оны жұмыстан босаттық. Және де мынау "Младшый советник юстициий" деген шенінен айырылатын болады, – деді СҚО прокурорының бірінші орынбасары Әбу-Әли Саттар.