Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қазақ сыныптары көбеюде

Орал қаласында қазақ тілінде білім алушылар қатары көбейіп келеді. Осы орайда алдағы 2021-2022 оқу жылында орыс мектептерінен қазақ сыныптары ашылуда. Бұл туралы қалалық білім беру бөлімі хабарлады.

Қазақ сыныптары көбеюде
фото: ашық дереккөз

Қаладағы 51 мектептің  49-ы – орта, екеуі – негізгі мектеп. Білім ұяларының бесеуі – мектеп-лицей, бесеуі – мектеп-гимназия. Мектептерде  оқыту – қазақ тілінде, орыс тілінде және қазақ-орыс тілдерінде жүреді. Кейінгі жылдары қазақ мектептерінің саны көбеюде. Мәселен, 2018 жылы тек қазақ тілінде білім беретін 23 мектеп болған болса, қазіргі уақытта 25 мектепке жетті. Орыс тілінде оқытатын мектептер азаюда. Бұл –  тек орыс тілінде білім берген мектептердің қазақ сыныптарын ашып, екі тілде оқытатын мектептер қатарына қосылуына байланысты болып отыр.

2021-2022 оқу жылында орыс тілінде оқытатын мектептерде ата-аналардың сұранысымен қазақ сыныптары ашылмақ. Атап айтқанда, №3, 6, 7, 9, 17, 23, 24, 32, 39 жалпы білім беретін мектептер қазақ тілінде оқытатын мектепалды даярлық сыныбы бойынша оқушыларды қабылдайды. Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназияда қазақ тілінде оқытатын 1, 2 сыныптар ашылуда.

Құжаттар тамыз айының соңына дейін қабылданады.

Томирис СҰЛТАН