Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Шымкентте мектепке құрылыс жүргізген кәсіпкер 5,5 млн теңге жымқырған

Тергеу барысында кәсіпкердің мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтер бойынша есептер ұсынғаны белгілі болды.

Шымкентте мектепке құрылыс жүргізген кәсіпкер 5,5 млн теңге жымқырған
фото: дереккөз

Қаржы мониторингі агенттігі мектептегі құрылыстан қаражат жымқыру фактісін тіркеді деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкент қаласы бойынша агенттіктің аумақтық департаменті "Жұлдыз" тұрғын үй аумағында орта мектеп салуға бөлінген 5,5 млн теңгені жымқыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі.

Тергеу барысында кәсіпкердің мектеп құрылысы кезінде нақты орындалмаған жұмыстар туралы дәйексіз мәліметтер бойынша есептер ұсынғаны белгілі болды.

Сот құрылыс-экономикалық сараптамасының қорытындысына сәйкес, мемлекетке келтірілген залал сомасы шамамен 5,5 млн.теңгені құрады. Құрылыс жұмыстарын жүргізген жосықсыз кәсіпкер кінәсін толық мойындап, келтірілген шығын сомасын өтеді, - делінген хабарламада.

Еңбекші аудандық соты оған үш жылға бас бостандығын шектеу жөнінде жаза кесті.