Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Өскеменде вакцина алған жігіт есінен танып қалған

Емхана басшылығы бұл деректі растаған.

Өскеменде вакцина алған жігіт есінен танып қалған
фото: ашық дереккөз

Өскеменде 19 жастағы жігіт екпе алғаннан кейін есінен танып, құлап қалған деп хабарлайды Paryz.kz.

Устинка LIVE басылымы жазғандай, куәгерлер жас жігіт екпе алған соң, дәрігердің бөлмесінде шамамен 10 минуттай отырып, есінен танып құлағанын айтқан. Дәрігерлер оған көмек көрсетіп, қан қысымының күрт төмендеп кеткенін анықтаған.

Емхана басшылығы бұл деректі растаған. Айтуларынша, екпе алған жігітте ешқандай кері әсер байқалмаған, емханаға келген кезде қан қысымы да қалыпты болыпты. Тек екпе алуға келер күні түнімен компьютердің алдында отырған болып шықты. Қазір жігіттің жағдайы жақсы.