Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"Ана өлімі 40%-ға өскен": Нұр-Сұлтан перзентханаларында орын тапшы

Тіпті, кейбір науқастар дәлізде отырып күтуге мәжбүр.

"Ана өлімі 40%-ға өскен": Нұр-Сұлтан перзентханаларында орын тапшы
фото: tengrinews.kz

Елде денсаулық көрсеткіштері күрт нашарлады деп хабарлады Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ана өлімі үштен бірге, жүрек ауруынан болатын өлім-жітім 40%-ға өсті. Бұған жабдықтың, әсіресе, реанимация және жедел жәрдем бөлімшелерінің төмен деңгейі ықпал етеді. Nur Otan партиясы жанынан құрылған денсаулық сақтау жөніндегі қалалық кеңес мүшелері, саладағы түйіткілдерді талқылады.

Денсаулық сақтау басқармасының нақты жүйеленген әдісі жоқ. Сіздер айтып жатқан ескертпелерді Жол картасынан алып тастай салу мүмкін емес. Бұл карта қаншама зерттеуден өтіп, қабылданған. Сондықтан, оны жүйелі орындау үшін мақсатты жоспарлар әзірлеу қажет, - деді Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сақтаған Сәдуақасов.  

Басқосуда бас шаһардағы перзентханаларда болып жатқан орын тапшылығы да сөз болды. Тіпті, кейбір науқастар дәлізде отырып күтуге мәжбүр.

Кеңес мүшелері короновирусқа қарсы күреспен шектелмей басқа да өзекті проблемаларды шешудің тиімді алгоритімін әзірлеуді ұсынды.