Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ең төменгі айлық шайлыққа да жетпей қалды

Үлкен мәселе – елдегі нақты өмір сүру құнының өсуі. Ең төменгі жалақы деңгейі 42 500 теңге болып белгіленді. 

Ең төменгі айлық шайлыққа да жетпей қалды
фото: ашық дереккөз

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы (19 тауар) орта есеппен 0,1%-ға өсті. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 9,6% құрайды деп хабарлайды Paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.  

Азық-түлік тауарларының бағасы 1,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,8%, ақылы қызметтер ақысы 0,7%-ға өсті.

Жыл басынан бастап (2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2021 жылғы маусым) тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасы мен тарифтері 4,6% қымбаттады, оның ішінде азық-түлік тауарлары - 6,6%, азық-түліктік емес тауарлар - 3, 9%, ақылы қызметтер - 2,8%. Бұған қоса бірінші сұрыпты ұн соңғы аптада 0,2% қымбаттады, бірінші сұрыпты ұннан әзірленетін нан ресми статистикаға сәйкес, қымбаттаған жоқ.   Әйтсе де жыл басынан бері нанның бағасы 3,5%-ға, ұн - 3% -ға өсті. 

Айта кететіні, базалық инфляция маусым айында осы жылдың мамырымен салыстырғанда 0,69%-ды құрады. Жыл басынан бері - 3,46-3,47%. Бір жылдағы инфляция 7,29-7,56%-ға жетті. 

Ұлттық статистика бюросының әдіснамасына сәйкес инфляция үш «өлшемде» есептеледі.  Бұл жемістер мен көкөністерге, жанармай мен көмірге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, теміржол көлігі, байланыс саласындағы бағаның өсуін ескермегендегі базалық инфляция.  Бұл ретте маусымда шарықтап кеткен картоп бағасы туралы айтпай кетуге болмайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, аталған жеміс түрі соңға аптада ғана 6,7% -ға арзандады, дегенмен жыл басынан бері картоп 75,3% қымбаттады.  

Аймақтарда келесі баға тенденциясы қалыптасқан. Мысалы, Оралда картоптың келісі 190 теңгеден, Петропавлда 390-тан, Қостанайда 217 тенге, Алматыда 339 тенге сатылуда. Ақтөбеде картоптың бағасы жаздың басында келісі үшін 350-400 теңгеден төмендеді. Сонымен қатар бұл қымбатшылық сәбіз бен қызылшаның бағасына да әсер етті. Қазіргі уақытта Ақтөбеде сәбіздің келісі 490-550 теңге аралығында. Қызылшаның келісі 600 теңгеден сатылады. Алматыда сәбіздің келісі 540 теңгеден, Петропавлда - 540 теңгеден, Қостанайда - 450 теңгеден сатып алуға болады. Ақтөбеде қызылша келісіне 600-650 теңгеден саудалануда.  Аймақтарда да жағдай осындай.  Оралда - 560 теңгеден, Қостанайда - келісі 450 теңге тұрады. 

Елде күнбағыс майы бір жыл ішінде бір жарым еседен астам қымбаттады. Тек алты айда бағаның өсуі 21% -ды құрады. Өңірлерде күнбағыс майын литрі 608-ден 830 теңгеге дейін бағалануда. Қанттың келісі 300 теңге айналасында. 

Үлкен мәселе – елдегі нақты өмір сүру құнының өсуі. Ең төменгі жалақы деңгейі 42 500 теңге болып белгіленді. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, маусым айында еңбекке қабілетті адамға шаққандағы ең жоғары күнкөріс деңгейінің мәні Маңғыстауда тіркелген - 52 502 теңге. Екінші орында 51,807 теңгемен Нұр-Сұлтан тұр.

Ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында - бір адамға 42 004 теңге.  Жалпы ел бойынша бір айдың ішінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 9,2% және бір жыл ішінде 17,5%-ға өсті.