Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Президент оқушылар мен студенттерді дәстүрлі оқу жүйесіне қайтаруды тапсырды

"Сол себепті оқушылар мен мұғалімдерді барынша қорғайтын кешенді тәсіл әзірлеу керек..."

Президент оқушылар мен студенттерді дәстүрлі оқу жүйесіне қайтаруды тапсырды
фото: ашық дереккөз

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында оқушылар мен студенттердің дәстүрлі оқу жүйесіне оралуын қамтамасыз етуді тапсырды деп хабарлайды Paryz.kz.

Пандемия кезінде оқушылар мен студенттер қашықтан оқуға мәжбүр болды. Бұл жағдай білім сапасына кері әсерін тигізді. Сондықтан, өткен оқу жылында жіберілген кемшіліктердің орнын толтырып, жаңа оқу жылында көштен қалып қоймауымыз керек. Мұның бірден бір жолы – оқытудың бұрынғы форматына көшу екені анық. Үкіметке жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттердің дәстүрлі оқу жүйесіне оралуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Коронавирустың жаңа штамдары пайда болып жатқан кезде бұл міндетті орындау оңай еместігін түсінемін. Сол себепті оқушылар мен мұғалімдерді барынша қорғайтын кешенді тәсіл әзірлеу керек, – деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.