Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Алматыдағы мешітте күзетші жас жігітті аяқ-қолын байлап қойып зорлаған

"Мұны бірнеше рет жасапты… Ол жас жігіттің дамуындағы кідірісті пайдаланды", - деді Умарова.

Алматыдағы мешітте күзетші жас жігітті аяқ-қолын байлап қойып зорлаған
фото: ашық дереккөз

Қазақстандық белгілі адвокат Айман Умарова Facbook парақшасында жаға ұстатарлық оқиғаны мәлімдеді. Ол Алматы қаласы Бостандық ауданында орналасқан Нұр-Мүбарак мешітінің күзетшісі 18 жастағы жігітке қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп күдікке ілінгенін айтты деп хабарлайды Paryz.kz

Мен Бостандық полиция бөлімшесінде жүрмін. Жағдайдан абдырап тұрмын. Нұр-Мүбарак мешітінде күзетші жас жігітке жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған. Жас жігітіттің жеке тұғасы анықталды, бірақ оған өте қиын. Жігіт 18 жаста, оның дамуында біршама кідіріс бар, басынан өткені туралы егжей - тегжейлі айтты, - дейді Умарова.

Жігіттің айтуынша, "күзетші бөлмесіне шақырып, аяқ-қолын байлап, ұзақ уақыт бойы ойына келгенін істеген. Мұны бірнеше рет жасапты… Ол жас жігіттің дамуындағы кідірісті пайдаланған, - деп мәлімдеді адвокат Умарова.

Ол енді күдіктіні тексеру кезінде еркіндікке жібере сала ма деп қорқады.

Сондай-ақ ол Алматы қалалық Полиция департаментінен аталған факті бойынша Бостандық ауданының Полиция басқармасына 8 шілде, бейсенбі күні арыз келіп түскенін хабарлады.

Бұл іс сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті - 1975 жылы туған К. есімді азамат  дереу ұсталды. Қазір ол полиция басқармасында. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде, - деді полициадан.

Бұл әрекет үшін күдікті 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар өндіріс аясында қажетті тергеу-жедел іс-шаралар кешенін өткізу жоспарланған. ПД тергеу толық, жан-жақты және объективтілік қағидаттарына сай қатаң жүргізіледі деп сендірді.