Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Елімізде тағы екі ЖОО лицензиясынан айырылды

Ал студенттер оқуды аяқтап, диплом алу үшін өзге университеттерге ауыса алады.

Елімізде тағы екі ЖОО лицензиясынан айырылды
фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласындағы «Орда» және «Мирас» университеттері лицензиясынан айырылды деп хабарлайды Paryz.kz, БҒИ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, былтыр аталған екі университетке тексеру жүргізілген. Нәтижесінде оқу орындары білім беру заңнамасын өрескел бұзған.

Анықталған заң бұзушылықтарды жоюға уақыт берілген. Алайда оқу орындары кемшіліктерді түзетудің орнына, 8 ай бойы комитеттің лицензияны тоқтата тұру туралы шешіміне қарсы шағымданумен болған. Ал сот комитеттің шешімін өз күшінде қалдырды.

Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен, бұл жоғары оқу орындарын бас лицензиясынан айырды. Бұлар енді түлектерге диплом бере алмайды. Ал студенттер оқуды аяқтап, диплом алу үшін өзге университеттерге ауыса алады.