Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Енді жемқор шенеуніктер ақшаларын шетелдерде жасыра алмайды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз қатарларының тазалығына ерекше көңіл бөледі. Ол бұл жұмыс шендері мен лауазымдарына қарамастан тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.

Енді жемқор шенеуніктер ақшаларын шетелдерде жасыра алмайды
фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі негізсіз баю үшін жауапкершілік енгізуді ұсынды. Бұл туралы бүгін өтіп жатқан ведомствоның алқа отырысында 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша төраға М. Ахметжанов айтты деп хабарлайды Paryz.kz, Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, Парламент жұмысы аяқталғанға дейін Мәжіліске тиісті түзетулер енгізілген.

 

Түзетулердің негізгі новеллаларының бірі негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу болады. Бұл биылдан бастап іске қосылған жалпыға бірдей декларациялау тетігінің логикалық жалғасы болып табылады, – деді ол.

 

Ол агенттіктің шығыстары олардың заңды кірістерінен едәуір асатын мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтуді ұсынғанын атап өтті. Бұл жағдайда шенеунікке айыппұл немесе жұмыстан босату қаупі бар.

Ведомство басшысы атап өткендей, елдің барлық тұрғындары жалпыға бірдей декларациялаумен қамтылған кезде новелла жұмыс істей бастайды. Оның айтуынша, бұл "follow the money" қағидасымен тығыз байланысты, яғни Мемлекет басшысы айтқан "ақшаға ер".

Ол үшін Қазақстан ЭЫДҰ-ның салық ақпаратын Автоматты алмасудың Дүниежүзілік жүйесіне қосылуда.

 

Оның көмегімен біз шетелдік шоттар мен активтер туралы мәліметтер алу мүмкіндігіне ие боламыз. Енді жемқорлар ақшаны шетелде жасыра алмайды, - деп атап өтті М. Ахметжанов.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өз қатарларының тазалығына ерекше көңіл бөледі. Ол бұл жұмыс шендері мен лауазымдарына қарамастан тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқанын атап өтті.

 

Естеріңізде болса, өткен жылы Агенттіктің орталық аппараты басшыларының бірі пара алғаны үшін ұсталған. Сот үкімімен ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді Агенттік Төрағасы.

 

Оның айтуынша, ағымдағы жылы тәртіп бұзғаны үшін 32 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 3 қызметкер теріс себептермен жұмыстан шығарылды.

 

Жақында ғана ішкі қауіпсіздік қызметі Атырау департаментінің қызметкерін ұстады. Қазір тергеу басталды. Мундир абыройына кір келтірген қызметкерлерді аяусыз жазалаймыз деп Сіздерді сендіргім келеді , – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы.