Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Басшыларынан қысым көріп, өзіне қол салған полицейдің туыстары Тоқаевтан көмек сұрайды

Айта кетсек, бұл Павлодар облысындағы полицейлердің өзіне қол жұмсауының үшінші жағдайы.

Басшыларынан қысым көріп, өзіне қол салған полицейдің туыстары Тоқаевтан көмек сұрайды
фото: дереккөз

Ақсуда асылған күйі табылған полицей Аспандияр Айтқазиннің туыстары оның өлер алдында видеоүндеу жазып кеткенін мәлім етті, деп хабарлайды Paryz.kz, "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Еске салсақ, полиция қызметкерінің мәйіті 5 шілдеде табылған еді. Ол Ақсу қаласының полиция бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарған. Алайда полиция майоры ресми құжаттарда ауылдық учаскелік инспектор деп көрсетіліпті. 

Марқұмның жақындары полицейді өлер алдында мәжбүрлеп лауазымын ауыстыру туралы рапорт жазғызған деген пікірде. 

Тағы оқи отырыңыз: Полиуейского нашли повешенным в Павлодарской области

2021 жылдың басынан бері менің күйеуім Ақсу қаласының және Павлодар облысы полиция бөлімдерінің басшылықтары тарапынан қысым көріп келді. Осы істің тергелуін жеке бақылауыңызға алуыңызды сұраймын, – деген марқұмның әйелі Мейрамгүл Айтқазин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.

Көз жұмған майордың туыстары оның өліміне кінәлілер жазадан құтылып кетеді деп алаңдайды. Қара жамылған отбасының айтуынша, тергеушілер полицейдің телефонын алып кеткен. 

Марқұмның жақыны Асемгүл Смағұлова оның телефонынан: “Егер мен бір нәрсеге ұшырасам, бұған жедел-криминалистикалық бөлімінің подполковнигі Қапаров Балғабайды кінәлауды сұраймын" деген видеосын көріп қалғанын айтады. 

"Бізге видеоның көшірмесін жасап алуға рұқсат бермеді, енді біз ол бейнежазбаны өшіріп тастай ма деп қорқып отырмыз", – дейді ол. 

Полицейдің туыстары оның суицидке өз еркімен барғанына сенбейді. Ол үш баласын жетімсіретіп қалдырып кетуге дәті шыдамайды дейді. 

Айта кетсек, бұл Павлодар облысындағы полицейлердің өзіне қол жұмсауының үшінші жағдайы. Видеоға қатысты ПД пікір білдіруден бас тартқан.