Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

Енді жүргізуші куәлігін алу қиындайды

Биыл маусым айының соңында бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласында да іске қосылды. 

Енді жүргізуші куәлігін алу қиындайды
фото: tengrinews.kz

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин айтты деп хабарлайды Paryz.kz, BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Сүйеніш Әбділдин атап өткендей, мамандандырылған ХҚКО-да танымал қызмет түрі – жүргізуші куәліктерін беру.

Кейбір азаматтар теориялық емтихан тапсырудың түрлі жолдарын іздейтіндері жасырын емес. Мысалы, орнына бөгде адам емтихан сыныбына кіргізуі, әртүрлі гаджеттер мен шпаргаркалардың басқа түрлерін қолдануға тырысады, - дейді ол.

«Азаматтарға арналған үкімет» өкілінің сөзінше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында осы жылдың сәуір айында Алматыда Ustudy-мен бірлесіп теориялық емтихан тапсырудың пилоттық жобасы іске қосылды.

Бұл пилоттық жобада емтихан сыныбына кіретін азамат металл детектордан, аудио-бейне фиксациядан және биометриялық сәйкестендіруден өтеді. Пилоттық жобаны енгізгеннен кейін Алматыда емтихан тапсыруға өтініш білдіру саны күніне 6 есеге, яғни 532-ден 88-ге дейін, ал емтихандардан өткендердің үлесі 36,6%-дан 15,5%-ға дейін, яғни 2 есеге төмендегенін байқауға болады, - деп түсіндірді Әбділдин брифингте.

Биыл маусым айының соңында бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласында да іске қосылды. Жыл соңына дейін бұл жобаны Қазақстан бойынша ауқымды ету жоспарланып отыр.