Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"12 млрд теңге": мемлекет қаржысын оңды-солды жұмсаған министрліктер аталды

Сондай-ақ мемлекет қаржысын мақсатты жұмсай алмаған өңірлер – Түркістан, Батыс Қазақстан және Павлодар мен Маңғыстау облыстары. Бұл тізімде Нұр-Сұлтан қаласы да бар.
 

"12 млрд теңге": мемлекет қаржысын оңды-солды жұмсаған министрліктер аталды
фото: дереккөз

Тізімнің басында Қорғаныс министрлігі, содан соң, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Әділет, Мәдениет және спорт министрліктері тұр. Биыл осы 5 министрлік 12 млрд теңгені мақсатсыз жұмсаған, деп хабарлайды Paryz.kz, Atameken Business-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың қаңтар-ақпанында, республикалық бюджеттен 2 трлн 510 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінген. 12 млрд теңге бағытталған бюджеттік бағдарламалар соңына дейін іске аспаған. Ал жергілікті бюджеттен 853 млрд теңге бөлінген болатын. Оның да 9 млрд теңгесі игерілмеді.

Сондай-ақ мемлекет қаржысын мақсатты жұмсай алмаған өңірлер – Түркістан, Батыс Қазақстан және Павлодар мен Маңғыстау облыстары. Бұл тізімде Нұр-Сұлтан қаласы да бар.