Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегіне дайындалып жатыр (ВИДЕО)

Басты жекпе-жек америкалық Дастин Порье мен ирландиялық Конор МакГрегор кездесуі болады.

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі үшінші жекпе-жегіне дайындалып жатыр (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Arlan MMA Pro Team командасының қазақстандық файтері Жалғас Жұмағұлов америкалық Джером Ривераға қарсы жекпе-жегіне дайындығы туралы айтып берді деп хабарлайды Paryz.kz, Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Мен бұл жолы ерекше дайындалдым. Әрқашан талмай жаттығу жасап, күш саламын. Бұл жолы салмақ тастаудығы, күрес, төзімділік бойынша және барлық басқа қатемді түзедім. Жеңу үшін қажеттінің бәрін жасаймын! Қазақстан, алға! - деді ол Дмитрий Смоляковтың YouTube- арнасында. 

UFC 264 турнирі 11 шілдеге қараған түні Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді. Басты жекпе-жек америкалық Дастин Порье мен ирландиялық Конор МакГрегор кездесуі болады.

Жұмағұловтың жекпе-жегі шамамен сағат 4:50-де басталады. Бұл жекпе-жек оның UFC-дегі үшінші кездесуі, алғашқы екеуінде ол төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.