Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Ақтаудағы полицейлермен болған жанжал: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Шу басылғаннан кейін жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Ақтаудағы полицейлермен болған жанжал: Оқиғаның мән-жайы белгілі болды
фото: видеодан скриншот

Ақтауда ұсталған көлік жүргізушісі үшін болған жанжалдың егжей-тегжейі белгілі болды деп хабарлайды Paryz.kz

Анықталғандай, тәртіп сақшылары көлік жүргізушісін медициналық куәландыруға апарар кезде оның таныстары араласып, полицейлермен жанжалдасқан. 

Тағы оқи отырыңыз: Ақтауда бір топ тұрғын полицейлерге тап берді (ВИДЕО)

Шу басылғаннан кейін жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

Видеодағы барлық адам және өз әрекеті арқылы полицейлердің қызметтік міндетін орындауға кедергі жасаған жүргізушінің таныстары Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 667-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.