"Қазақстан ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді", - делінген хабарламада.
Алматы облысында жоғары лауазымды полицейдің көлігіне оқ атқан күдікті ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz
Полиция департаментінің мәліметінше, 2 шілдеде Алматы облысының 34 жастағы тұрғыны ұсталды.
Тергеу аясында күдіктінің көлігі анықталып, тәркіленді. Күдікті Қазақстан ҚІЖК-нің 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бүгінде тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Қазақстан ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді, - делінген хабарламада.
Еске салайық, 26 маусымда белгісіз біреулер Алматы облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбековтің көлігіне оқ атқан.