Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ақтауда бір топ тұрғын полицейлерге тап берді (ВИДЕО)

Ал оны патрульдік көлікке отырғызып жатқанда бір топ әйел араласып, жігітті ұстап қалмақ болған.

Ақтауда бір топ тұрғын полицейлерге тап берді (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Ақтауда полицейлер жас жігітті күшпен алып кетпек болған. Бірақ оларға бір топ әйел тап берді. Маңғыстау облыстық Полиция департаменті желіде тараған видеоға түсініктеме берді деп хабарлайды Paryz.kz, Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Видеода бірнеше полицей алдымен екі адамды айыруға тырысады. Одан кейін біреуінің қолын қайырып, алып кетуге әрекет жасайды. Жас жігіт болса, камераға тілін шығарып күледі. Ал оны патрульдік көлікке отырғызып жатқанда бір топ әйел араласып, жігітті ұстап қалмақ болған.

"Мынаны қараңыз, баланың кілтін жайдан-жай алып қойғысы келіп отыр", - дейді видео авторы.

Видеоның соңында ақ жейде киген тағы бір жігіт патрульдік көлікке қарай ұмтылады. Бірақ полиция қызметкері оны кері қайтарады.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 1 шілде күні Ақтау қаласының 3Б шағын ауданында болған. Патрульдік полиция жол қозғалысы ережесін бұзған Chevrolet Lacetti көлігін тоқтатқан. Ал құжатты тексеру кезінде көлік жүргізушісінің мас күйде болғаны анықталады.

"Полицейлер жас жігітке көліктен шығып, жолаушы орындығына отыруға өтініш жасады. Себебі көлік жүргізушісі мас күйінде рөлге отырды деген күдік болды. Бірақ ол кілтті полицияға бермей қойған", - дейді ПД.

Медициналық тексеріс кезінде жас жігіттің жеңіл күйде мас болғаны анықталды. Әкімшілік сот оны 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім қабылдады.