Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

БАҚ өкілдерін де вакцина салдыруға міндеттеп жатыр

Жандарбек Бекшин осы өзгеріске қатысты түсініктеме берді.

БАҚ өкілдерін де вакцина салдыруға міндеттеп жатыр
фото: ашық дереккөз

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин БАҚ өкілдеріне вакцина салу міндетті екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол халыққа қызмет көрсетуші мамандар түгел екпе алуы керегін айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясовтың 2021 жылғы 1 шілдедегі №31 қаулысында «байланыс және телекоммуникация саласында жұмыс істейтін мамандар да екпе салдыруға міндетті» деген тұсы бар. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осы өзгеріске қатысты түсініктеме берді.

Айтуынша, енді міндетті вакцинациялауға жататындар тізіміне БАҚ өкілдері де қосылған. 

Мұның себебі – БАҚ өкілдері халықпен тығыз байланысты жұмыс істейді. Операторлар мен режиссерлер түсірілім алаңдарында еңбек етеді. Ол жабық кеңістік, декорация, көрермен ауысады, ал мамандар сол жерден шықтайды. Сондықтан осындай шешім қабылданды, – деді Бекшин.