Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қызметкердің бойында вакцина бар екенін қалай тексереді?

Қызметкерлерді қалай тексеруге болатыны туралы сұраққа бас санитарлық дәрігер мониторингтік топтар қызметкерлерді мазаламайды деп жауап берді.

Қызметкердің бойында вакцина бар екенін қалай тексереді?
фото: ашық дереккөз

Белгілі бір салаларда қызметкерлердің вакцина алғаны кадр бөлімі арқылы тексерілетін болады. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

Тексеруді аурухана эпидемиологтарының өздері жүргізеді, бізде де бақылау пункттері бар. 15 шілдеден кейін мониторингтік топтардың жұмысы Бас санитариялық дәрігердің барлық контингентті вакцинациялау туралы 31-ші қаулысының орындалуын бақылауға бағытталады. Әрине, таңдау арқылы тексерістер болады, - деді Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Қызметкерлерді қалай тексеруге болатыны туралы сұраққа бас санитарлық дәрігер мониторингтік топтар қызметкерлерді мазаламайды деп жауап берді. Олар кадрлар бөліміне барады.

Олардың кадрлар бөлімі бар, қызметкерлердің тізімі бар, мәліметтер базасы қарауға болады. Барлық қызметкерді жеке тексеру болмайды, жұмыстарына кедергі жасалмайды. Цифрлық технологияларымыз бұл жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді, - деді ол.

Оның сөзінше, егер бір компанияның елдің бас санитариялық дәрігерінің бұйрығын орындамайтыны анықталса, онда оның жұмысын тоқтатуға дейінгі шаралар қолданылады. Бірақ алдымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Күні кеше Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойған. Онда көптеген салада вакцина салдырмаған қызметкерлердің жұмысқа кіруіне шектеу қойылатыны айтылған. Олар аптасына бір рет ПТР тестін тапсыруы керек.