Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Шымкентте 300-ден аса мұғалім жалған сертификатпен сыйақы алып келген

Сертификаттарды сатуға шығарған алаяқтар сотқа тартылды.

Шымкентте 300-ден аса мұғалім жалған сертификатпен сыйақы алып келген
фото: ашық дереккөз

Шымкентте бір топ мұғалімнің басы дауға қалды. 348 мұғалім жалған аттестаттау куәліктерін сатып алды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Олар жалған құжатты шамамен үш жыл бұрын сатып алған, тіпті біліктілігін арттырғаны үшін сыйлықақы да алып келген. Әріптестері құқық қорғау органдарына шағымданғанда олардың өтірігі ашылды, деп хабарлайды телеарна. 

Республикалық тестілеу орталығында қаржы полициясы тестілеу тізімін тексерді. Қалалық мектептердің көптеген қызметкері іс жүзінде аттестаттаудан өтпеген, тіпті тестілеу орталығына келмеген болып шықты. Олар жай ғана жалған мөр басылған құжатты сатып алған.

Мұғалімдердің 80%-ы екі жыл ішінде заңсыз алған ақшаларын бюджетке қайтарып үлгерді. Енді оларға тағы да тест тапсыруға тура келеді.

Сертификаттарды сатуға шығарған алаяқтар сотқа тартылды.

Бүгіндері мұғалімдерді жалған аттестаттауға қатысты қылмыстық іс қозғалды, алаяқтық бойынша сот процесі жүріп жатыр, - деді Шымкент қалалық білім бөлімінің бастығы Жанат Тәжиева.