Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қазақстанда кедей отбасылар саны көбейіп кеткен

Отбасылардың шығыны тұрғындарды децильді топтарға бөлу кезінде үлкен айырмашылықты көрсетеді. 

Қазақстанда кедей отбасылар саны көбейіп кеткен
фото: ашық дереккөз

Қазақстанда табысы күнкөріс минимумнан төмен отбасылар үлесі 2021 жылдың бірінші тоқсанында 4 пайыздан 4,5 пайызға артты деп хабарлайды Paryz.kzFinprom.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық жерлерде көрсеткіш 2,4 пайыздан 3,2-ге көтерілсе, ауылдық жерлерде өзгеріс жоқ. Дегенмен көрсеткіш жоғары - 6,3 пайыз.

Өңірлер бөлінісінде табысы күнкөріс минимумынан төмен үй шаруашылықтар үлесі Түркістан облысында тіркелген - 9,1 пайыз. Бұдан кейін Солтүстік Қазақстан (6 пайыз) және Маңғыстау (5,8 пайыз) облыстары тұр. Елдегі төмен көрсеткіш Нұр-Сұлтан қаласына тиесілі. Мұнда төменгі кірісі бар отбасылар үлесі 1,6 пайызға тең.

Сонымен қатар Қарағанды (2 пайыз) және Атырау (2,8 пайыз) облыстарында бұл көрсеткіш төмен. Өзге аймақтарда кірісі төмен тұрғындар саны артқан. Алматы (2,4 пайыз), Шымкент (1,1 пайыз), Павлодар (1 пайызға) және Солтүстік Қазақстан (1 пайыз) облыстарында көрсеткіш артқан.

Отбасылардың шығыны тұрғындарды децильді топтарға бөлу кезінде үлкен айырмашылықты көрсетеді. 

Мысалы, биыл бірінші тоқсанда аз қамтылған тұрғындардың 10 пайызы мен қамту деңгейі жоғары тұрғындардың 10 пайызының шығын мөлшерінде 5,8 еселек айырмашылық болған: орта есеппен бір адамға есептегенде 26,8 мың және 156 мың теңге.

Сонымен қатар тұтыну шығынының айырмашылығы 5,4 есеге тең: адам басына есептегенде 25,8 мың және 139,5 мың теңге. Азық-түлік шығыны - 4,3 есе, ақылы қызмет - 5,6 есе, киім, мата және аяқ-киім шығынында 5,1 есе айырмашылық бар.