Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Қызылжар ауданының әкімі: Аудан көшелерінің 100 пайызын жарықтандырамыз

Солтүстік Қазақстан Облысы Қызылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуақасов өткен жылдағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын талдай келе, аудан негізгі көрсеткіштер бойынша өсімді сақтап қалғаны туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде айтты.

Қызылжар ауданының әкімі: Аудан көшелерінің 100 пайызын жарықтандырамыз

Өз сөзінде аудан әкімі өңірге инвестиция тарту жайлы сөз қозғады. 

"Мемлекет басшысы атап өткендей, барлық деңгейдегі әкімдер жұмысы көрсеткішінің басты индикаторларының бірі инвестиция тарту болып табылады. 2020 жылы аудан экономикасына 10,5% өсіммен 28,4 млрд. теңге инвестиция тартылды. Облыстағы ауданның үлесі - 10,1% Бұл АӨК саласы, өңдеу өнеркәсібі, өз тұрғын үйінің құрылысы", - деді Жанат Сәдуақасов. 

Осы ретте, айта кететін жайт, азаматтардың әл-ауқаты, ең алдымен, тұрғын үй мәселесімен тығыз байланысты.

​"Аудан орталығында "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 5 қабатты үй іске қосылып, 40 қызылжардық қоныс тойын тойлады.  Биыл екінші 5 қабатты тұрғын үйдің құрылысын бастаймыз, үшінші 5 қабатты үйдің құрылысына ЖСҚ әзірлейміз", - деп, аудан әкімі жақсы жаңалықтармен бөлісті.  

Ол аудандағы жарықтандыру жұмастары да жайлы айтты.

​"Бүгінгі таңда ауданда 15 мың аула бар, оның 11 мыңы немесе 73% - ы көшелердіжарықтандырумен қамтылған. Соңғы үш жылдыңішінде 2000-нан астам шам орнатылды, оныңішінде энергияны үнемдеу және тиімділіктіарттыру үшін 1000-нан астам ескі шамдар жарықдиодты шамдарға ауыстырылды. 2 жыл ішіндеаудан көшелерінің 100 пайызын жарықтандырып, 1200-ден астам шам орнатуды жоспарлап отырмыз",- деді Жанат Сәдуақасов.

Шараны қорытындылай келе, аудан әкімі сұрақтарға жауап беріп, әлі де атқарылатын жұмыс көп екеніне тоқталды. "Барлық  бағдарламалар биыл да өз жалғасын табады", - деді Жанат Сәдуақасов.