Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Митинг қарсаңында Нұр-Сұлтанда белсенділердің қудаланып жатқаны хабарланды

14 маусымда Нұр-Сұлтанда бір топ белсенді "экстремистік ұйымның жұмысына араласты" (Қылмыстық кодекстің 405-бабы) деп айыпталғандарға араша сұрап, АҚШ елшілігі алдында наразылық акциясын өткізген еді... 

Митинг қарсаңында Нұр-Сұлтанда белсенділердің қудаланып жатқаны хабарланды
фото: tengrinews.kz

Бүгін Нұр-Сұлтанда азаматтық белсенді Айжан Әбенованы полиция қызметкерлері жұмыс орнынан әкімшілік сотқа алып кетті. Оның соты өткені-өтпегені әзірге белгісіз деп хабарлайды Paryz.kz, "Азаттық радиосына" сілтеме жасап.

Әбенова кетерінде полицияның келген сәтінен түсірілген видеоны таныстарына жіберіп үлгерген. Бірақ видеода полиция қызметкерлері оны не үшін сотқа алып бара жатқанын түсіндірмейді.

Мен барған кезде оны әкетіп бара жатты. Ілесіп кетуге үлгермедім. Қазір телефоны өшірулі. Соңғы хабарласқанда Сауран көшесі 9 үйдегі полиция бөлімшесіне әкетіп бара жатқанын айтты, - дейді Семейгүл Ошақбаева.

Оның сөзіне қарағанда, мамыр айының соңында да Айжан Әбенова WhatsApp-та "Жер сатылмасын" атты чат ашып, 24 cәуірде митинг өткізуге өтініш тапсырғаны үшін "қудаланған". Бұдан соң белсенді бас сауғалап, Шымкент қаласына кетіп, 28 маусымда Нұр-Сұлтанға оралған.

28 маусымда полиция тағы екі белсенді Марат Мұсабаев пен Қайыргелді Нұрғалиевті бірін көшеден, екіншісін үйінен алып кеткен. Артынша Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 14 маусымда АҚШ елшілігі алдында қамаудағы белсенділерді босатуды талап еткен "заңсыз" акцияға қатысқаны үшін Нұрғалиевті – 15 тәулік, Мұсабаевты 20 тәулік абақтыға қамаған. Сот оларды Әкімшілік кодекстің 488-бап 6-тармағы бойынша "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзғаны үшін" қамаған.

Белсенділер бұл қудалауды Қазақстан соты "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" саяси қозғалысының лидері, оппозиялық саясаткер Мұхтар Әблязов жария еткен 6 шілдеде өтуі тиіс митинг-монстрациямен байланыстырады.

14 маусымда Нұр-Сұлтанда бір топ белсенді "экстремистік ұйымның жұмысына араласты" (Қылмыстық кодекстің 405-бабы) деп айыпталғандарға араша сұрап, АҚШ елшілігі алдында наразылық акциясын өткізген еді. ҚДТ, "Көше партиясы" қозғалыстарын экстремистік деп таныған Есіл аудандық сотының шешімінің күшін жоюды, саяси тұтқындарды босатуды талап еткен белсенділердің аштық акциясы да 19 маусымнан бері Қазақстанның Нұр-Сұлтаннан басқа, Алматы, Орал, Шымкент, Өскемен қалаларында жалғасып жатыр.