Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Маңғыстау облысындағы шаруа қожалығының басшысы физикалық зорлық-зомбылық көрсету арқылы 59 жастағы ер адамды күштеп ұстаған деп хабарлайды Paryz.kz.
59 жастағы ер адамның құлдықта жүргені «STOP-трафик» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған.
Полиция қызметкерлері «STOP-трафик» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде еңбекті қанау фактісін анықтады. Іс-шараның мақсаты – адам сату саласындағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу, бас бостандығынан айыру.
Маңғыстаудағы шаруа қожалығы басшысының 59 жастағы ер адамды мамырдан маусымға дейін құлдықта ұстағаны анықталды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.