Бүгінде оның 30-ы қойылып үлгерген.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің instagram парақшасында жазды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.
«Көп пәтерлі үйлердің тұрғындары үшін лифттер аса қажет екені белгілі. Өкінішке қарай, кейбір үйлердегі лифттер апатты жағдайда, ал кейбіреулері тіпті жұмыс істемейді де. Біз биыл лифтін ауыстыратын үйлердің тізімін жасадық. Мысалы, «Sun city» (Ғабдуллин көшесі, 11) тұрғын үй кешенінде бір подъездің лифті 2009 жылдан бері жұмыс істемеген, ал басқалары апатты жағдайда болыпты. Адамдар бірнеше рет лифтте қамалып, мамандарды шақыруға мәжбүр болған. Енді осы үйге «Нұрлы жер 2020-2025» тұрғын үй-коммуналдық кешенді дамыту бағдарламасы аясында жаңа лифттер орнаттық. Жарты жылға жетпейтін уақыт ішінде 100 лифтті жаңартамыз, оның 30-ын қойып үлгердік. Бұған қоса, сол тұрғын үй-коммуналдық кешенді дамыту бағдарламасы бойынша 50-ден астам көп пәтерлі үйлерді жөндеуден өткіземіз, олардың ішінде «Орбита», «Территория комфорта-2», т.б. тұрғын үй кешендері бар», - деп жазды Алтай Көлгінов.