Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Кәсіби маман дайындаудың жаңа мүмкіндіктері

 

Орал «Сервис» технологиялық  колледжі - өткен жылы қолға алынған «Жастар – ел тірегі» ұлттық жобасы аясындағы «Жас маман» жобасынаіріктеуден өткен республика көлеміндегі оқу орындарының бірі. Соған орай аспаз, тігінші кәсіп иелерін даярлау бойынша колледж заманауи тұрғыдан жаңғыртылып, материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. Бұл игілікті іс қазірдің өзінде нәтижесін бере бастағандай.

Кәсіби маман дайындаудың жаңа мүмкіндіктері

Таяуда ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен еліміздегі колледждер арасында І ұлттық «Нео фольклор» стиліндегі киім дизайнерлерінің байқауы өтті. Еліміздің әр өңірінен 51 студент қатысқан бұл додада  Орал «Сервис» технологиялық  колледжінің студенті Гүлфат Қарабалина үздіктер қатарынан табылды. Сөйтіп Ташкент қаласында өтетін халықаралық сән көрсетіліміне жолдама жеңіп алды. Енді Гүлфат жазда Өзбекстанға барып, ел намысын қорғайтын болады.

Нео-фольклор стилін насихаттау және дамытуды, жас дизайнерлерді әлемдік нарыққа шығаруды мақсат тұтқан мұндай байқауларда болашақта жеңімпаз болатын Жайық жастары қатары артатынына сенім мол. Себебі Орал өңіріндегі колледждерге халықаралық стандарттарға сай жаңа құрал-жабдықтар жеткізілмекші. Мәселен, Орал «Сервис» технологиялық  колледжінің өзі «Жас маман»жобасы шеңберінде 4 оқу шеберханасымен, 2 оқу кабинетімен толықтай жабдықталмақ. Ал алдағы жаңа оқу жылынан бастап Финляндияның Soprano Group компаниясы жасақтаған «Арнайы тігінші», «Шеф-аспазшы» кәсіптік оқу бағдарламалары негізінде алғаш рет мамандар даярлау басталмақ.


Жалпы айтқанда, мұндағы әр  педагог пен білім алушы өздерінің шеберліктерін шыңдау мақсатында кәсіби бағыттағы байқауларға жыл сайын қатысуды дәстүрге айналдырған. Соның ішінде әлемдік деңгейдегі жұмысшы мамандықтарды дәріптейтін WorldSkills қозғалысы шеңберінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылатынWorldSkillsOral өңірлік чемпионатында, WorldSkillsKazakstan ұлттық чемпионатында, халықаралық деңгейдегі осындай сайыстарда жүлде алып жүрген шәкірттер аз емес. 

-Біз әр студенттің жауапкершілігі мен өз бетінше шешім қабылдай білу қасиеттерін жоғары бағалаймыз. Сонымен қатар кәсіптік сараман кезінде олардың өзін-өзі ұстауы, тілдесе білуі, сыртқы келбеті мен киім киісі де маңызды рөлатқарады. Мұның бәрі республикалық, әлемдік деңгейдегі түрлі сайыстарда студенттеріміздіңқобалжымай өнер көрсетуіне, өзіне сенімді болуына, сөйтіп жақсы нәтиже көрсетуге сеп болары анық,- деді аталмыш колледждің директоры Айгүл Исқалиева. 

 

Жұбан МҰРАТ,

Батыс Қазақстан облысы