Куәгерлер оқиғаны видеоға жазып алып, әлеуметтік желіде таратып жіберген.
Өскемен қаласының тұрғыны тоғызыншы қабаттағы балконынан диван мен қоқысын лақтырып жіберді деп хабарлайды Paryz.kz, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Оқиға күні кеше Гагарин бульварында орналасқан 36-үйде болған. Ер адам тоғыз қабатты үйдің балконынан алдымен диванын, одан кейін қалған қоқысын лақтырған.
Куәгерлер оқиғаны видеоға жазып алып, әлеуметтік желіде таратып жіберген. Бұл жағдай тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмапты.
"Аталған факт бойынша қаланың 40 жастағы тұрғыны анықталып, оған қатысты ҚР әкімшілік құқықбұзшылықтар туралы кодексінің 434-бабымен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы хаттама толтырылды" ,- деп мәлімдеді Өскемен қалалық Полиция басқармасының өкілдері.