Өкінішке қарай, соңғы үш күнде мұндай оқиғаның тағы бірі тіркелген.
Нәрестені саудаламақ болған ерлі-зайыптыға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Оқиға туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтып берді деп хабарлайды Paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда полиция қызметкерлері ерлі-зайыпты адамдардың жаңа туған сәбиін сатпақ болған фактісін анықтады. Олар – Өзбекстанның азаматтары. Ерлі-зайыптылар нәрестені Жамбыл облысының тұрғынына өткізбек болған, – дейді ол.
Өкінішке қарай, соңғы үш күнде мұндай оқиғаның тағы бірі тіркелген. Екінші фактінің нақты қашан және қай жерде тіркелгені баспасөз мәслихатында айтылған жоқ.