Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Бүгін – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні

Қазақстандық БАҚ қызметкерлер күнінің тарихына үңілсек, еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда журналистер күні 10 мамырда аталып өтіліпті.

Бүгін – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні
фото: ашық дереккөз

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні. Бұған дейін Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні деп аталған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің қаулысымен бұл күн өзгертілді деп хабарлайды Paryz.kz

Президент өзінің твиттердегі парақшасында:

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамды дамытудағы аса маңызды рөлін ескерсек, бұл өте әділ шешім болады, - деп жазды. 

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін арнайы қаулымен бекітуге Үкіметке тапсырма берді.

Осылайша, 25 маусым күні Үкіметтің арнайы қаулысы шықты.

Үкіметтің2017 жылдың 31 қазанындағы №689 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: (...) байланыс және ақпарат қызметкерлері күні – 17 мамыр, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні – 28 маусым, - делінген баспасөз бетінде жарияланған қаулының мәтінінде.

Қаулы ресми түрде жарияланған алғашқы күннен бастап өз күшіне енді.

Қазақстандық БАҚ қызметкерлер күнінің тарихына үңілсек, еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда журналистер күні 10 мамырда аталып өтіліпті. Бұл күн 1870 жылы оқырманға жол тартқан алғашқы қазақ басылымы «Түркістан уалаяты» газетінің шығу тарихымен байланысты болған. Алайда бұл мереке бейресми түрде аталып жүрген.

2011 жылы жаңа дата бекітілген. Бұл дата 1991 жылдың 28 маусымында Қазақ КСР-і «Баспа және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заң қабылдануымен байланысты болған-ды. Кәсіби мерекенің сол кездегі атауы «Баспа, радио және телевизия күні» деп аталып, маусымның соңғы жексенбісі аталған.

Одан кейін 2011 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні болып бекітілген.

Кейін бұл мереке «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні» деп аталды.