Прямая трансляция

Астана

Астана

-9.03°C

"Ақпарат шындыққа жанаспайды": Талғат Мұсабаевтың өкілі мәлімдеме жасады

Еске салайық, Мұсабаев пен астаналық тұрғын Алина Нұртастың қақтығысы 24 маусымда қыз ит серуендетіп жүргенде болған.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды": Талғат Мұсабаевтың өкілі мәлімдеме жасады
фото: stan.kz

Талғат Мұсабаевтың өкілі Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеме жасады деп хабарлайды Paryz.kz, tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Талғат Мұсабаев аутизмі бар балаға шабуыл жасағаны туралы БАҚ-та жарияланған хабарламаларға байланысты мынаны хабарлаймыз, БАҚ арқылы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды және құқықтық бағалауды талап етеді.

Мұсабаевтың тарапы осындай негізсіз айыптауларға құқық қорғау органдарының назарын аудару қажет деп санайды.

Мұндай ақпараттық манипуляцияларды үшінші тараптар қоғамдағы жағдайды өз мақсатына пайдалану үшін қолдануы мүмкін", - деді Нұрмағамбетов.

Тағы оқи отырыңыз: Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев немересіндей қызды ұрып-соққан (ВИДЕО)

Еске салайық, Мұсабаев пен астаналық тұрғын Алина Нұртастың қақтығысы 24 маусымда қыз ит серуендетіп жүргенде болған. Алина Нұртастың айтуынша, оқиға орнына полиция шақырылған, кейін ол құқықбұзушы сенат депутаты Талғат Мұсабаев екенін білген. Кейін Нұр-Сұлтан Полиция департаменті бұл жанжалға Талғат Мұсабаевтың шынымен де қатысы бар екенін растады.

Сондай-ақ Талғат Мұсабаев қызға шабуыл жасады деген айыптауға жауап берген.