Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Атырауда полицейлерге күдіктіні азаптады деген айып тағылды

Атырау облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлап, өз қызметкерлерінің ұсталғанын растады.

Атырауда полицейлерге күдіктіні азаптады деген айып тағылды
фото: ашық дереккөз

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері азаптауға күдікті Жылыой аудандық полиция бөлімінің екі жедел уәкілін ұстады деп хабарлайды Paryz.kz, "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 26 жастағы екі полицей ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған Құлсары қаласының тұрғынын мәжбүрлеп мойындатқан.

Соққыға жығылған Құлсары тұрғыны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы шағымданды. Полиция күнін атап өткеннен кейін полицейлер ұсталды. Оларға қарсы бірден екі бап: "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған азаптаулар" және "пайда алу мақсатында күш қолданып немесе оны қолданамын деп қорқытып, билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Атырау облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлап, өз қызметкерлерінің ұсталғанын растады.

Олар Атырауға жеткізіліп, Уақытша ұстау изоляторына қамалды.