Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Антикор Нұр-Сұлтан әкімдігін тексеруді бастады

Олжас Бектенов атап өткендей, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкерлерінің назарына жиі ілігеді.

Антикор Нұр-Сұлтан әкімдігін тексеруді бастады
фото: ашық дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері елорданың қалалық және аудандық әкімдіктерінде, сондай-ақ, ведомстволық бағынысты ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тексеруді және сыртқы талдауды бастады деп хабарлайды Paryz.kz

Агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов атап өткендей, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство қызметкерлерінің назарына жиі ілігеді.

"Осы жылдың бес айында ғана Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдік қызметкерлері жасаған 92 сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықты тіркеді, 76 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді ол.

Бектенов, сондай-ақ, қылмысы ашылғандардың қатарында қарапайым қызметкерлер ғана емес, орта буын басшылары да болғанын атап өтті: түрлі деңгейдегі жеті әкім және олардың орынбасарлары, сондай-ақ, 14 облыстық басқарма басшылары жауапқа тартылған.