Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев немересіндей қызды ұрып-соққан (ВИДЕО)

Алина жануарларға құрмет көрсетілетін, заң бәріне ортақ өзге мемлекетке көшу туралы шешім шығарған.

Халық қаһарманы Талғат Мұсабаев немересіндей қызды ұрып-соққан (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Саябақта хаски тұқымдас итімен серуендеп жүрген елордалық тұрғын Алина Нұртас кеше күтпеген жағдайға тап болған. Оған Сенат депутаты, Халық қаһарманы, ғарышкер Талғат Мұсабаев қол көтерген. Бұл туралы елордалық тұрғын Instagram желісіндегі парақшасында жазып, бұл бассыздықты тоқтатуға шақырды деп хабарлайды Paryz.kz, "Азаттық рухы" сайтына сілтеме жасап. 

«Саябақ. Қысқа қарғыбаумен байланған итіммен бірге серуендеп жүргенмін. Иттің тұмылдырығын да ала шықтым (заң бойынша хаски итіне тұмылдырық кигізіп жүру шарт емес). Қажетті қалталар да бар (иттен қалған қоқысты салатын). Осылай серуендеп келе жатсам, белгісіз бір адамның маған айқайлағанын естідім. Әрі қарай жүре бердім, бірақ ол белгісіз адам жақындап келіп, тағы айқайлады. «Иди в зад» дедім (әрине, «Алина, өзің айыптысың!» дерсіз. Бірақ мен айыпты емеспін. Негізсіз агрессия көрсетілген сәтте менен шыққан реакция осы болды). Әрі қарай жүре бердім. Ол адам бұрылып, менің иығымнан бір ұрды (жұдырығымен). Қолым ұйып барады. Полиция шақырдым. Әрине, бір нәрсені дәлелдеу мүмкін емес (оны маған түсінікті етті). Себебі, ол – Талғат Мұсабаев», - деп жазды Алина Нұртас.

Алина Instagram желісіндегі парақшасында stories арқылы оқиғаның мән-жайын сипаттап берген. Оның айтуынша, полиция бастапқыда жәбірленушінің позициясын оң деп тапқан. Алайда әрі қарай шағым түспес үшін мәселе жабылған. Шағымданушы оған Талғат Мұсабаевтың ықпалы әсер етті деп есептейді.

«Мен не айта аламын? Енді Қазақстанда көшеге шығуға қорқамын. Себебі, ит – өресіз жандар үшін магнит. Бұл елде қауіпсіздік жоқ, заң да менің жағымда емес. Заң - күш пен билігі бар адамдардың жағында. Қазақстан, кешір мені, бірақ менің әкем президент емес. Сондықтан мен әр адамның құқығы заңмен қорғалған жаққа кетемін. Оған дейін, далаға шығу үшін қорқынышпен, тыныш, айналама қарайлап, үнсіз ғана жүруге мәжбүрмін», - деп жазды Алина Нұртас.

Осы оқиғадан кейін Алина екі мәселе төңірегінде өз ойын айтты.

«Талғат Мұсабаев мені итіммен серуендеп жүргенім үшін ұрды. Біріншіден, сотта, заң саласында бәрі тек таныс арқылы шешіледі. Көшеде біреу сені соғып кетсе де, жор апаты болып, танымал адам мен қарапайым жүргізуші соқтығысса, айыпсыз екеніңді дәлелдей алмайсың.

Екіншіден, менің әкем итпен серуендеуге шықса, оған ешкім наразылық айтпайды, тиіспейді. Себебі, ол ер адам, сондай-ақ оның органда 20 жыл істегені маңдайында жазылып тұрады. Ал мен қыз баласымын, бойымның ұзындығы бар болғаны 165 см. Яғни, әлсізбін. Айқайлауға, қорқытуға, тіпті, ұруға болады», - дейді Алина.

Алина жануарларға құрмет көрсетілетін, заң бәріне ортақ өзге мемлекетке көшу туралы шешім шығарған.

Еске салайық, Талғат Мұсабаев - кеңестік және ресейлік ғарышкер. Ресей Федерациясының Батыры (1994), Қазақстанның Халық Қаһарманы (1995), Ресей Федерациясының генерал-майоры (2003), Қазақстан Республикасы авиациясының генерал-лейтенанты (2007), техника ғылымдарының докторы (2008). Қазір Парламент Сенатының депутаты.