Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елімізде құрылыс саласындағы қызмет ақысы 12% қымбаттап кетті

Өйткені шетелден келетін еңбек мигранттары күрт азайған.

Елімізде құрылыс саласындағы қызмет ақысы 12% қымбаттап кетті
фото: ашық дереккөз

Energyprom.kz мәліметтеріне қарағанда бұл барлық саланың ішіндегі ең үлкен қымбатшылық. Мәселен, өндіріс саласында 0,1, ауылшаруашылық саласында 5 процент жоғарылаған деп хабарлайды Paryz.kz.

Тіпті карантин кезінде табысы еселенген ақпарат және байланыс саласының өзінде қымбатшылық 10 пайыздан асқан жоқ.

Мәліметтерге қарағанда, бүгінде құрылыс саласында шамамен 630 мыңдай адам жұмыс істейді. Бұл - республикада жұмыспен қамтылғандардың 7 пайызына тең. Соның өзінде құрылыс компаниялары жұмысшы жетіспей жатқанын айтады. Өйткені шетелден келетін еңбек мигранттары күрт азайған.