Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Полицияны өзіне қол жұмсауға итермелеген прокурор қызметінен қуылды

Ал прокурорлардың жұмыс орнында спирттік ішімдік ішкені туралы дерек расталмаған. 

Полицияны өзіне қол жұмсауға итермелеген прокурор қызметінен қуылды
фото: ашық дереккөз

Павлодар облысында полицияны өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген аудандық прокурор мен оның орынбасары қызметінен кетті деп хабарлады Paryz.kz, 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Қоғамда қызу талқыға түскен бұл іс облыстық прокуратурадан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне жіберілген еді.

Оқиға тура бір ай бұрын Павлодар облысының Железинка ауданында болды. Аға тергеуші прокуратура ғимаратының дәлізінде табельдік қарудан өзінің оң жақ иығына оқ атқан. Бұған полиция қызметкерінің жұмысын бақылаушы органның қатаң сынға алуы себеп болған. Суицид жасауға әрекет еткен полицей аман қалды. Ал прокурорлардың жұмыс орнында спирттік ішімдік ішкені туралы дерек расталмаған. 

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.