Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Елімізде ендігі кезекте дәрі бағасы қымбаттайды

Кәсіпкерлер мемлекеттің дәрі бағасын реттеуінің салдарынан шығынға батқан, осылайша, дәріхана сөрелерінде қажетті препараттар жоғалған.

Елімізде ендігі кезекте дәрі бағасы қымбаттайды
фото: ашық дереккөз

Бәсекелестікті дамыту мақсатында мемлекет кейбір дәрі-дәрмектің сатылым бағасына араласпайтын болады. Салдарынан дәрі қымбаттауы мүмкін деп хабарлайды Paryz.kz, Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет бағасын белгілейтін дәрілер тізімі қысқарды. Ол дәріханалар арасындағы бәсекелестікті қолдау мақсатында жасалып жатқан шара.

"Нарық қатаң реттелген. Патенттелмеген атауы бойынша өзара алмасу болғанда мемлеккеттік бағалық реттеуге жататын дәрі-дәрмекті қысқарту қарастырылып жатыр. Қазір трастқа қатысты реттеу шеңберінде тек 2020 түрлі аспектілермен 109 тергеу аяқталды", – деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.  

Кәсіпкерлер мемлекеттің дәрі бағасын реттеуінің салдарынан шығынға батқан, осылайша, дәріхана сөрелерінде қажетті препараттар жоғалған.