Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Диқандар "Qoldau" жүйесін "Қорлау" деп атап кетті – депутат

Осылайша, шаруа малдың сапасын жақсарту мен өнімділікті арттырудың орнына, ауылдағы интернеттің сапасының төмендігіне қарамастан "тарыдай шашылған" электронды порталдардың қулықтарын түсінуге және онымен ақылы негізде жұмыс істеуге мәжбүр.

Диқандар "Qoldau" жүйесін "Қорлау" деп атап кетті – депутат
фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Б.Бекжанов Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Paryz.kz, zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

 

Біздің депутаттық сауалымыз Агроөнеркәсіп кешенінің жекелеген секторларын қолдауға бағытталған инвестициялық субсидиялар мен субсидиялар алудағы қиындықтарға тап болған ауылдағы ағайынның жан – айқайына қатысты. (инвестициялық субсидиялар, сыйақы мөлшерлемелері, тыңайтқыштар, пестицидтер, тұқымдар, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу, гектарлық субсидиялар бойынша, сақтандыру бойынша, қарыздарды кепілдендіру/сақтандыру бойынша, қаржылық сауықтыру бойынша, ЖҚЖК бойынша, суармалы су бойынша, аквамәдениет бойынша, МҚҰ операциялық шығыстары бойынша, тексеру одақтары бойынша, мал шаруашылығы бойынша, көпжылдық екпелер бойынша кепілдік беру).

 

Субсидия алуға өтінім беру рәсімі "Ақпараттық - есептеу орталығы" Акционерлік қоғамының Qoldau.kz платформасы негізінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда платформада 218 мың 977 пайдаланушы тіркелген.

Qoldau.kz сандық платформасы ақылы негізде жұмыс істейді және қызмет құны алынған субсидия сомасына байланысты. Мәселен, субсидия сомасы 100 мың теңгеге дейін болса, төлем 3 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Бұл шамамен 9 мың теңге, 1 млн.теңгеге дейін – 10 АЕК - ті, яғни 29 мың теңге, ал 1 млн. теңгеден астам - 11 айлық есептік көрсеткіш, 32 мың теңге шамасында төленуі тиіс. Онсыз шаруа субсидиядан қағылады. Бізге және шаруаларға қызметтің құны неге субсидия көлеміне байланысты екені түсініксіз, өйткені мұнда тек өтінім беру рәсімделеді, оның өзі автоматты түрде жасалады. Ағымдағы жылы осы қызметті алушылардың саны 218 мыңнан астам екендігін ескерсек, сандық платформаның қанша табыс табатынын есептеу қиын емес!

 

Сонымен қатар, шаруалардың көптеген шағымдары платформа арқылы өтініш беру кезіндегі кедергілерге байланысты. Дихандар дала жұмысын атқарудың орнына таң атқаннан күн батқанға дейін компьютерге үңіліп, порталға өтініш беру үшін "мүмкіндіктер терезесін" іздеуге мәжбүр! Бірақ "мүмкіндік терезесінің" қызметі порталдың ашылу уақытын білетіндерге ғана бұйырады екен. Бұл ретте өтінімдерді рәсімдеу мәселесі өңірлердегі ауыл шаруашылығы басқармаларының жанындағы оператор дейтін "құдіреті күшті" лауазым иелерінің қолында екендігін ұмытпаған жөн. Бұл ретте аграршылардың бюджетте қаражаттың болуына қарамастан алдын ала өтінімдерді орналастыруға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Сондықтан да халық арасында бұл жүйені "Qoldau" емес, "Qorlau" деген ұғым қалыптасқан.

 

Бұдан басқа, мал басын есепке алу Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) "Ақпараттық-талдау жүйесі" (АТЖ) арқылы жүзеге асырылады, онда тіркеу үшін шаруа 8500 теңге және жаңа туған немесе сатып алынған мал басының әр басына 200 теңге төлейді. Бірақ субсидия алу үшін тағы бір ақпараттық жүйеге – "субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне" (САЖ) өтінім беру арқылы тіркелу қажет.

Осылайша, шаруа малдың сапасын жақсарту мен өнімділікті арттырудың орнына, ауылдағы интернеттің сапасының төмендігіне қарамастан "тарыдай шашылған" электронды порталдардың қулықтарын түсінуге және онымен ақылы негізде жұмыс істеуге мәжбүр.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай мәселелерді шешу қажет деп санаймыз:

1) Сандық платформалар Qoldau.kz, "Ақпараттық-талдау жүйесін" (АТЖ) және "Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін" (САЖ) бір арнаға тоғыстырып, "бір терезе" қағидаты бойынша жұмысын реттеуді.

2) Сыбайлас жемқорлық көріністерін жою мақсатында Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Цифрлық платформаның жұмысын ақысыз, алдын ала өтінім беру мүмкіндігін қарастыра отырып, толық автоматтандыруды.

 

"Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес депутаттық сауалға заңнамада белгіленген мерзімде жазбаша жауап беруді сұраймыз.