Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Қарағанды облысында көп балалы отбасыларға арнап салынған үйлер жұрттың ашуын келтірді

Бұл туралы Ақтоғай ауданының әкімідігі пікір білдірді...

Қарағанды облысында көп балалы отбасыларға арнап салынған үйлер жұрттың ашуын келтірді
фото: дереккөз

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Шашубай ауылында көп балалы отбасыларға берілген үйлердің жағдайы тұрғындарды шошытты деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы Жанкелді Ғапбасов есімді желі қолданушысы жазады. Оның айтуынша, әрбір үйге бюджеттен 7 миллион теңге бөлінген. 

"Ұнамаса, тұрмай ақ қой!" Бұл Қарағанды облысы, Ақтоғай әкімінің баспасөз қызметі Шашубай кенті әкімінің көп балалы аналарға "сіздер салған үй сапасыз, қалай кіреміз?" дегендегі берген жауабы екен. Көп балалы аналар солай деді, видео дәлелдеме бар. Бүгін Шашубай әкімідігі осы үйлер стандарттарға сай, тіпті комиссия келіп тексерді деген жауап берді. Пештің үстінен пластик труба жіберу қай елдің стандарттарына сай жасалды екен? Болмаса бетон үстіне линолеум төсей салу қайдан шыққан стандарт? Осыны еще облыстан ғой деймін, комиссия тексеріп, "Зың" деп кетіпті. Естуімше, әр үйдің құрылысына 7 млн теңге жұмсалыпты", - деп жазады желі қолданушысы. 

Бұл туралы Ақтоғай ауданының әкімідігі пікір білдірді. 

"Ras time"-ның блогері Жанкелді Ғапбасовтың Ақтоғай ауданы, Шашубай кентінде көп балалы аналарға берілген үйлер туралы түсірілген видеосына байланысты, кешегі күні аудан әкімінің орынбасарлары А. Аманжолов пен Қ. Қошантаев арнайы барып, осы аталған үйлердің жай-күйімен танысып қайтты. Видеода айтылғандай ол үйде ешкім қоныстанбағаны, үйлердің ешқайсысы сын көтермейтіндігі туралы сөз болған. Осыған байланысты 6 үйдің бүгінгі күнде 5 үйіне адамдар қоныстанған, ешқандай шағым жоқ (видеода көрсетілген). Видеода арнайы көрсетілген 6-шы үйдің ақаулары (пештің трубалары, есіктің тұтқасы, қабыршақтанған қабырға, еденге УСБ төсеу т.с.с.) мердігер тарапынан 1 шілдеге дейін қалпына келтірілетін болады. Аталған мәселе аудан әкімінің бақылауында", - деді әкімдік өкілдері.