Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Семейдегі ауыл маңында өлген малдың сүйектері шашылып жатыр

Ауылдық округ әкімі ауылдастарына көмектесуге дайын. Алайда бүгін не ертең емес.

Семейдегі ауыл маңында өлген малдың сүйектері шашылып жатыр
фото: видеодан скриншот

Семей қаласының маңында орналасқан Жарқын ауылының тұрғындары күл-қоқыстың ортасында өмір сүруден шаршағанын айтады. Сөздерінше, қаладан шыққан қоқыстар полигонға емес, ауыл маңына төгіледі. Тұрғындар шенеуніктерден осы мәселені шешіп беруді сұрап отыр деп хабарлайды Paryz.kz, КТК телеарнасы .

Телеарнаның мәліметінше, өріс қоқыстар мен өлген жануарлардың сүйектеріне толы. Тіпті жақын ауылда мал қорымы жоқ. Адамдар дәл осы жерде сиыр бағуға мәжбүр. Жарқын ауылының тұрғындары кеңейіп жатқан полигондардан тұншығып жатыр. Мұнда күл-қоқыстар, көбіне малдың мәйіттері әкелінеді. Нәтижесінде ауылдың жанынан сасық иіс шығады. Бірақ адамдар бұған не істеу керек екенін түсінбей отыр. Айтуларынша, бір үйіндіні алып тастаса, келесі жолы жаңасы пайда болады екен.

"Екі жерге төгеді. Үлкейіп бара жатыр. Бізге полигонның бір жерде ғана болғаны керек. Содан кейін қаладан да әкеледі. Мен қоқыстан үлкен жөргектерді көрдім. Ол ауруханалардан шығарылған болуы мүмкін. Үлкен кісілер барып, өртеді. Сондай-ақ қаладан құрылыс қоқыстарын да шығарады", - дейді ауыл тұрғыны Ғабдулманап Түсіп.

"Мал қорымы керек, ол міндетті түрде қажет. Өйткені, мал өледі, оны ешқайда апара алмайсың. Сосын оны осы полигонға тастайды. Ол сол жерде шіріп, сасиды. Сасыған иіс ауылға барады. Иесі жоқ иттер де осы жерде жүреді. Балалар үшін қорқамыз, әрине", - дейді Әлия Мотышева.

Ауылдық округ әкімі ауылдастарына көмектесуге дайын. Алайда бүгін не ертең емес. Әзірге елді мекен маңына қоқыс тастағандарға айыппұл салуға ғана уәде беріп отыр.

"Қоқыс бойынша сметалық құжат дайын. Қазіргі уақыта экономика бөліміне өтініш берілді. Мұнда ауыл тұрғындары ғана емес, қаладан да әкеледі. Қазір учаскелік полицеймен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Қоқыс тастағандарға айыппұл салған кездер болды. Бұл жұмысты жалғастырамыз", - дейді Приречный ауылдық округінің әкімі Болатбек Жұмаділов.

Ал мал қорымы бойынша жоба енді дайындалып жатыр. Оны тек келесі жылы қалалық қазынадан ақша бөлінсе ғана салуы мүмкін.