Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды күмәнді сауда нүктелері арқылы жанар-жағармай сатып алудан бас тартуға шақырады.
Нұр-Сұлтанда 14 миллион теңгенің дизель отыны заңсыз сатылған деп хабарлайды Paryz.kz, zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Дизель отынын елорда аумағында заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық іс жабылды.
Экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елордалық екі тұрғынның құны 14 миллион теңгеден асатын 70 тоннадан астам дизель отынын заңсыз тасымалдау және сату фактілерінің алдын алды. Сату ісі олардың шығу заңдылығын дәлелдейтін құжаттарсыз жүзеге асырылды. Қылмысты ұйымдастырушылар 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды күмәнді сауда нүктелері арқылы жанар-жағармай сатып алудан бас тартуға шақырады. Заңсыз жанар-жағармай құю бекеттері, оның ішінде заңсыз сатылатын дизель отыны жарылғыштық қаупі жоғары зат болып табылады және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.