Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

ШҚО-да коронавирус жұқтырған оқушылар саны 10 жетті

Шығыс Қазақстан облысында 10 мектеп оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның төртеуі шағын мектепте оқитын балалар болса, қалғандары қауіпті кеселді қашықтан оқып жүріп жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

ШҚО-да коронавирус жұқтырған оқушылар саны 10  жетті
Сурет Хабар 24

ШҚО-ның Алтай ауданы Парыгино ауылындағы шағын кешенді мектептегі екінші сынып оқушысының осы індетке шалдыққаны жайлы хабарлаған болатын. Коронавирус жұқтырған оқушылар өзге аудандарда тіркелген болып шықты.

Қазір Көкпекті ауданындағы бір мектеп толықтай карантинге жабылды. Онда 11-сынып оқушысы мен оның сол мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әкесінен инфекция анықталып отыр. Бұдан бөлек, Шемонаиха және Алтай аудандарында COVID-19-ға шалдыққан оқушының сыныптарында карантин жарияланды. Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың арасында қашықтан оқып жатқан оқушылар да бар. Мамандар олардың инфекцияны қайдан жұқтырғандары әлі белгісіз деп отыр.

 «Қашықтан оқып, COVID-19 жұқтырған оқушылар олар Семей қаласында, Риддер қаласында, Алтай аданында, Шемонаиха ауданында бар. Олардың енді қазіргі сәтте инфекциялық көрсеткіштерін, қандай себеппен жұқтырғанын айта алмаймын. Қазіргі сәтте оқушылардың барлығы үйде ем алуда. Жағдайлары орташа деңгейде», - деді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Тауанова.