Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Бастықтарына қандай сыйлық жасайтынын айтып мақтанған нешеунік қызметінен қуылды

Белгілі болғандай, Бахтияр Қуанышбек Мұнайлы ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы болып жақында ғана тағайындалған.

Бастықтарына қандай сыйлық жасайтынын айтып мақтанған нешеунік қызметінен қуылды
фото: ашық дереккөз

Маңғыстау облысында қызметкерлеріне пара беру тәсілін айтқан бөлім басшысы жұмысынан қуылды деп хабарлайды Paryz.kz, КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде таралған видеода Мұнайлы ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бахтияр Қуанышбек қызметкерлеріне облыстағы екі басқарма бастығына 50 мың теңгеге Montale атты қымбат француз әтірін сыйлайтынын айтып мақтанған.

Тіпті бастығыңа сый-сияпат жасасаң, достығың ұзағынан болады деп өзгелерге ақыл айтқан. Қымбат сыйлық жасап көңілін тапсам, орынтаққа да ұзағынан отыруға болатынын айтып қояды.

Шенеунік бұл әрекеті арқылы мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіріп, әдеп кодексін бұзды. Сол себепті қызметінен босатылды.

Белгілі болғандай, Бахтияр Қуанышбек Мұнайлы ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы болып жақында ғана тағайындалған.

"Өзімнің басқарма бастықтарымнан кешірім сұраймын. Себебі ешқандай арамызда сыйлық бойынша келісім болған жоқ. Облыс, аудан әкімдіктерінен де кешірім сұраймын", - деді ол.