Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"570 миллиард теңге": Бюджет қаражатын ысырап еткен 11 шенеунік жазаланды

Оның айтуынша, бюджет қаражатын пайдалануға қатысты мәселе көп.

"570 миллиард теңге": Бюджет қаражатын ысырап еткен 11 шенеунік жазаланды
фото: ашық дереккөз

Биыл жыл басынан бастап бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін 11 шенеунік жазаланды. Бұл туралы Есеп комитетінің басшысы Наталья Годунова айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Оның айтуынша, бюджет қаражатын пайдалануға қатысты мәселе көп.

"Барлық мемлекеттік аудит органдары анықтаған тиімсіз жұмсалған қаражат көлемі – 570 миллиард теңге. Есепшоттағы әрбір теңгенің сұрауы бар. Сол себепті, мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдаланған шенеуніктерді жауапқа тарту керек. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске тек екі анықтама ғана енгізілді. Жаңа норма бойынша тағы үш анықтаманы қарастыру туралы шешім қабылданды", – деді ол.

Десе де норманы оңды-солды қолдану фактілері кездескен жоқ. Заң бұзушылықтың алдын алу, болдырмауға септігін тигізуде.