Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Ислам күрделі жағдайды басынан кешіріп тұр

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Ислам күрделі жағдайды басынан кешіріп тұр

Бүгінге дейін бірнеше ірі жобаларды бірлесіп іске асырып келеді. Себебі Нұр-Мүбарак  мемлекеттік университетіндебілікті теологтар, дінтанушылар, мысырлық білікті ғалымдар дәріс жүргізеді. Сондай-ақ деструктивті топтардың азғыруымен адасқан жерлестеріміз осы университет мамандарының да араласуымен қатарға қосылып, қателігін түсінуде. 

Мақаламызды бұлай бастауымыздың себебі оқырман қауым діни білімді алатын, шариғи насихатты тыңдайтын жерді білсе дегендік жәнеқарапайым көпшілікті қателікке ұрынудан сақтандыру, адасудан аулақ ұстау, экстремизм мен терроризмнің алдын алу деп түсінгеніңіз абзал.

Бүгінгі таңда исламның атын жамылып, еліміз ғана емес, әлемдік деңгейде проблема туғызып отырған теріс пиғылдағы діни ағымдардан қарапайым көпшілікті арашалау мемлекеттің міндетіне айналып отырғанын жеткізе отырып, әрбір азаматтың тағдырына мемлекет бей-жай қарамайтынына көз жеткізу екенін жалаң сөзбен емес, дәйекті дәлелмен келтіруді жөн санаймыз.Осы тұрғыда Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад ал-Жиндидің Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастырған қала мешіттеріндегі діни қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының ашылу салтанатында сөйлеген сөзін келтірсек, оқырмандарымыз біраз жайтты аңғарары сөзсіз. 

 Сол жиында  профессор Мухаммад аш-Шаххат Абдулхамид Мухаммад ал-Жинди: –– Бүгінде ислам күрделі жағдайды басынан кешіп тұрғанын айтқым келеді. Күнде өзгеріп, күнде бәсекелестік болып, жаңарып жатқан заманда ислам өзінің дағуатын, таралу жолдарын, насихатын қайта қарау керек болып тұр. Неге десеңіздер, қазіргі уақытта мұсылманды мұсылман кәпір деу, мұсылманды мұсылман теріске шығару, мұсылманды мұсылман өлтіру тәрізді исламға жат нәрсенің айналасында шырмалып қалған жайы бар. Осындайлардың кесірінен ислам беймәлім күй кешуде. Ислам дегеніміз не?  Ислам Еуропалық па? Ислам Азиялық па? Әлде, ислам басқа нәрсе ме? Міне, әдейі бұрмаланған сұрақтардың жауабы түрліше берілгендіктен де ислам белгісіздікке кетіп бара жатқаны өкінішті. Сол себепті исламды дұрыс түсіндіруіміз керек. Ислам бір топқа ғана белгіленген нәрсе емес. Ислам – қасиетті Құран және сүннет. Ислам  - салафизм, уахабизм немесебасқа ағым, топ емес. Исламда бір ғана сыйланатын нәрсе бар, ол – үмбет. Исламда ұлтқа, топқа бөліп қарамайды, тек үмбет деп қарайды. Құранда, ұлтқа, топқа бөлінуге болмайды деп айтылған, ал бөлінгендер исламнан емес, олардан мұсылманның иісі шықпайды. Бөлінгісі келетіндерге айтарымыз ислам – бауырлықтың, бірігудің діні. Бәріміз бірігіп,ұрпағымызды, дінді, елді, Отанымыздыжақсартайық. Отанға қызмет етейік. Негізі исламның қызметі Алла хақ, Мұхаммед (с.ғ.с.) оның елшісі деп барша мұсылманды бір тудың астында жинау. Осы сөзді жүрекпен айтып, бар болмыспен сену арқылы біз бірігеміз. Мұсылман ретінде адазат бірігеді, ал әр мемлекеттегі заң, ондағы қағидат өз алдына реттеліп, орындалуыкерек. Заңның аты заң.       

        Ислам кез келген елдің өмір сүруіне қайшы келмейді. Мысалыға Мысырда қанша топтар бар. Бәрінің ойы өздерінің жеке мүддесі, билікке қол жеткізу, сөйтіп ықпал ету. Өздерінше халифат құрамыз, мұсылман боламыз дейді, бірақ тереңірек үңілсеңіз, олардың пиғылында қалыпты өмірді бұзу, мемлекетті құрту жатыр. 

      Қазақстанның аясында қаншама ұлттың өкілдері өмір сүруде. Түрік, әзірбайжан, ұйғыр, кәріс, неміс, т.т. Осы этностарды біріншіден,мемлекет ынтымақта ұстап отыр, ал олардың ішіндегі мұсылмандардың бірлікте болуына исламның да үлкен қатысы бар. Яғни, заң мен дін тату өмір сүруге ықпал етіп отыр. Мұсылман бөлінбейді. Мұсылманға бөліну өліммен тең. Бауырластықтың төрт түрі бар: Бірінші, туған бауырластық. Бұл сенің отбасың, әулетің , бірге туғандарың. Екінші, бір діндегі бауырыңыз, яғни, мұсылмандықтағы бауырыңыз. Үшінші, бір жерде, яғни, ортақ Отанда, мемлекетте өмір сүретін бауырыңыз. Төртінші, адам ретіндегі бауырыңыз, яғни адамның бәрі бауыр. Міне, көрдіңіздер ме?! Сондықтан ол мұсылман емес, бізге бауыр бола алмайды деген дұрыс емес. Ол мұсылман болмағанмен, отандық бауыр болуға, адамдық бауыр болуға хақысы бар. Демек, бір ғана хақыға байлануға болмайды. Исламның осындай кең де ауқымды тұсы бар. Бұл міндетті түрде есептелуі керек. Сонымен қатар, ислам тек қана арабтың діні емес. Ислам дінінің насихатталуына, оны мұсылмандарға дұрыс жеткізуге байланысты зерттеген қаншама ғұлама араб ұлтынан емес ғалымдар бар. Әл-Фараби, Ибн- Сина, Хорезми, т.б. көптеген араб емес ғұламалар бар. Ислам арабтың діні болып есептелмейді. Ислам қай қоғамның болсын ілгерілеуіне өз үлесін қоса алады. Тек қана исламды дұрыс түсіну керек. Қазақстан қоғамы үшін де исламды дұрыс түсініп, имани қағидаларын сақтап жүрсе, біздің елдетыныштық жалғаса береді.    

       Міне, ректор мырзаның сөзінен оқыпотырғаныңыздай бір Отанда тұруыңыздың өзі сізді бауырластырады екен. Тіпті адам болуыңыз да бауырлық. Абай атамыздың: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» дегені осы жерге дәл келеді. 

       Конституциямызда жазылғандай мемлекеттің басты құндылығы адам және оның құқығы мен бостандығы екенін көзі ашық, көкірегі ояу көпшілік біледі. «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болсын?!» дегенді дана қазақ бекер айтпаса керек. Қазақстандағы әрбір азаматтың артында арқа сүйер, қамқор болар мемлекеті тұрғанын жеткізе білген жағдайда, қарапайым көпшлілік те құлағын түріп, мойынын мемлекетке қарай бұра түсетініне сенеміз.  Теріс пиғылды жат ағымнан сақ болайық! Сақтанайық!

                                                   

Еділ АНЫҚБАЙ