Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Алматыда проблемалы қарыз алушылар тағы да шу шығарды

Кейбір қазақстандықтар Үкімет 2019 жылғыдай қарыздарын төлейді деп үміттенеді. Қаржыгер мұндай акциялар тәуелділікті тудырады деп санайды.

Алматыда проблемалы қарыз алушылар тағы да шу шығарды
фото: видеодан скриншот

Алматыдағы қазақстандық банктердің филиалдарына проблемалы қарыз алушылары келді. Жиналғандар несиесін есептен шығаруды талап етті. Олар бірнеше жыл бұрын алған қарыздарын және ипотекаларын төлей алмайтынын мәлімдеді. Бұл ретте мемлекет жиналғандардың көбінің қарызының жартысын кешіруге көмектесті, бірақ олар толықтай кешірім сұрайды, деп хабарлайды Paryz.kz, 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеп.

Қазақстандық банктердің клиенттері шоу жасады. Олар өздерімен бірге қарыздарды төлеу үшін ағзаларымызды сатуға мәжбүр болдық деп, жануарлардың ішкі бөлігін алып келді. Жиналғандардың барлығы проблемалы қарыз алушылар. Бес жылдан астам уақыттан бері қарызын төлемеген.

Сағида Сұлтаниязова 2007 жылы 17 миллион теңгеге 23 пайызбен ипотекаға үй сатып алды. Кейінірек аяғын жарақаттап, төлем жасай алмады. Мемлекет оның қарызының жартысын кешіруге көмектесті. Енді 4 миллион теңгені 3 пайызбен төлеуі керек. Алайда 55 жастағы жалғызбасты ана ай сайынғы 27 мың теңгені төлей алмай отыр екен.

“Менің кәмелетке толмаған балам бар. Аяғым ауырады. Қазір маған өте қиын”, – деді әйел.

Белсенділер осындай талаппен бірнеше банкке барды. Оларға мәселені зерттеуге уәде берді. Қаржы нарығын реттеу агенттігі пандемия кезінде борышкерлердің жағдайы нашарлаған жоқ деп сендіреді. Олардың айтуынша, проблемалы несиелер саны көбеймеген, керісінше азайған. Оған қоса адамдар жиі несие ала бастаған. 2020 жылы қазақстандықтар 6 трлн теңге қарыз болса,  қазір бұл сома - 8 трлн теңге. Бақылаудың күшеюіне байланысты проблемалы қарыздардың үлесі төмендеп жатыр.

“Табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға несие беруге тыйым салынды, тұтынушылық несиенің тәуекелділігі өлшенді”, – деді  АРРФР БАҚ-пен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы Азамат Кенже.

Экономист Андрей Чеботарев пандемия берешекті төлеуге құлықсыздықты ақтай алмайды деп санайды. Кейбір қазақстандықтар Үкімет 2019 жылғыдай қарыздарын төлейді деп үміттенеді. Қаржыгер мұндай акциялар тәуелділікті тудырады деп санайды.

“Бәрінің несиесін қатарынан кешіруге болмайды. Менің айналамда да несиеге iPhone алатын және екі жылдан бері банктерде жасырынып жүрген адамдар бар. Содан кейін олардың қарыздары есептен шығарылады.  Ертең бұл банктерді құтқаруға тура келеді, олар бір жылдан кейін бұл несиелерді кешіретініне сенімді, сондықтан қазір төлемей жүр”, – деді EXANTE халықаралық инвестициялық компаниясының талдаушысы Андрей Чеботарев.

Сарапшы бүкіл әлемде және Қазақстанда проблемалы қарыз алушыларға көмектесетін тетіктер жасалғанын атап өтті. Төлемдермен проблемасы бар адам банктің несиелік комитетіне жүгінеді. Онда пайыздың бір бөлігін кешіріп, қарызды төлеуді кейінге қалдыра алады. Бірақ мұны жаппай жасау мүмкін емес деп түйіндейді сарапшы.