Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

"Онлайн несие рәсімдеген": түркістандық ет сатушы әйел 147 тұрғынды сан соқтырды

Бәрі – жергілікті тұрғындар.

"Онлайн несие рәсімдеген": түркістандық ет сатушы әйел 147 тұрғынды сан соқтырды
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында 147 ауыл тұрғынының атына онлайн несие рәсімдеген алаяқ әйел ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz, Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Банк қызметкерлері кредит рәсімдеу операцияларынан күмәнді белсенділік байқап, полицияға хабар берген. Тексеріс барысында күмән расталды: тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындар алаяқтың құрбаны болуы мүмкін деген пайымға келді. Осыдан кейін тәжірибелі қызметкерлерден жедел тергеу тобы құрылды.

Жедел іздестіру шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

Әйел Сайрам ауданына қарасты ауылда тұрады, ет өнімдерін сатады. Қазіргі таңда ол екі айға қамауға алынды.

Анықталғандай, күдікті соңғы үш айда жәбірленушілердің сеніміне кіріп, жеке деректерін жинаған. Әйел әр балаға 50 мың теңге әлеуметтік көмек уәде еткен. Кейін тұрғындардың құжатын пайдаланып, олардың атына онлайн кредит рәсімдеген.

Полицияның ақпаратынша, 147 адам алаяқтың құрбаны болды. Бәрі – жергілікті тұрғындар.

"Қазір тергеушілер сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Жәбірленушілер саны әлі де өсуі мүмкін. Біз істің мән-жайын анықтап, шығынды есептеп жатырмыз", - деді Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Аса ірі мөлшердегі алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Тергеу жүріп жатыр.