Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Нұрымбетов: Коронавирустың екінші толқынында 162 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Коронавирустың жаңа толқынында 162 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл туралы айтты ҚазАқпарат хабарлады.

Нұрымбетов: Коронавирустың екінші толқынында 162 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін
сурет Хабар 24 сайтынан

«COVID індетінің еңбек нарығы үшін қатері мен теріс әсері әлі де бар. Егер коронавирустың екінші толқыны келіп жатса және қатаң шектеу шаралары қабылданса, онда біздің бағалауымызша 2,2 млн-нан астам адам қолдауға мұқтаж болуы мүмкін. Осы жағдайда болжам бойынша жұмыспен қамтылған халықтың жартысына жуығы немесе 4 млн адам жұмысын сақтап қалады», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның дерегінше, негізінен ауыл шаруашылығы, құрылыс, өндіріс және денсаулық сақтау салаларында еңбек ететін адамдар жұмысын сақтап қалады.

«Үштен бірі немесе 2,5 млн адам қашықтан орындалатын жұмыс режиміне ауысуы мүмкін. 2 млн адамның жұмыс уақыты қысқарып, олар ақылы немесе басым бөлігі ақысыз демалысқа шығарылуы ықтимал. Бұл - бірінші кезекте сауда, көлік, тұтыну және тамақтану қызметтері саласындағы қызметкерлер. Бағалау бойынша 162 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін», - деді министр.