Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Қызылорда облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Қызылорда облыстық Полиция департаменті 15 маусымда таңғы сағат екіде Жаңақорған ауданында белгісіз біреулер тас лақтырып, автотұрақта тұрған көліктерді зақымдағанын айтты.

Қызылорда облысында жаппай төбелес болды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Жаңақорғанда жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Осыған орай Қызылорда облыстық Полиция департаменті түсінік берді деп хабарлайды Paryz.kz

Видео кадрларынан бір топ адамның көшеде шулап, жүгіріп жүргені көрінеді. Сондай-ақ олардың бір-біріне белгісіз заттар лақтырып жатқанын көруге болады.

Қызылорда облыстық Полиция департаменті 15 маусымда таңғы сағат екіде Жаңақорған ауданында белгісіз біреулер тас лақтырып, автотұрақта тұрған көліктерді зақымдағанын айтты. Сонымен қатар тұрақ маңындағы дүкенге материалдық залал келген.

"Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті аудан тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді. Сонымен қатар, аудандық полиция бөліміне 10 адам жеткізіліп, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дене жарақатын алғандар анықталған жоқ. Қазіргі уақытта дерек бойынша ҚР ҚК-ның 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармақшасы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр", - деді ведомстводан.