Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Жақында елімізде 32 педофил бостандыққа шығады

Қылмыскерлерді ешкім бақылауда ұстамайды, олармен арнайы мамандар жұмыс істемейді.

Жақында елімізде 32 педофил бостандыққа шығады
фото: mstrok.ru

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл Ішкі істер министрлігіне бостандыққа шығатын педофилдер мәселесі туралы сұрап, депутаттық сауал жолдады деп хабарлайды orda.kz..

"Бәрінен бұрын, бұндай қылмыс жасаған адамдардың бостандыққа шығып, қайта осындай қылмыс жасауы қоғамда, жалпы әр бір адамда алаңдатушылық тудырады. Бұқаралық ақпарат құралдарында биылғы жылдың соңына дейін «32 педофил бостандыққа шығады» деген ақпарат тарады. Бұл ретте, жазасын өтеп жатқан қылмыскерлермен қылмыстық-атқару мекемелерінде қаншалықты тиісті жұмыстар жүргізілді және біздің пробациялық қызмет бұл санаттағы адамдармен жұмыс істеуге қаншалықты дайын деген сұрақтар туындайды", – деді депутат.

Сондай-ақ Смағұл қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметі болып өзгертілгенін және одан жағдай оңалмағанын еске салды.

"Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде осы қылмыс бойынша жазасын өтеушілермен оңалту жұмыстарын жүргізу бойынша арнайы бағдарламалар қабылданды ма, тиісті мамандар бар ма? Сотталғандар арасында тәрбие және идеологиялық жұмыста қандай тәсілдерді пайдаланасыздар? Түзеу мекемелеріндегі психологиялық қызмет жүйесінің деңгейін арттыру бойынша қандай шаралар қабылданды, оған жылына қанша қаражат бөлінеді? Сотталғандарды еңбекпен қамтуда қандай жаңа тәсілдер енгізілді?" – деп сұрады Мәжіліс депутаты.

Еске салсақ, маусымның басында 32 педофил бостандыққа шығатыны туралы ақпарат пайда болған. Педофилдерге химиялық кастрация жасалмайды, олар шара заңды күшіне енбей тұрып сотталған.

Қазіргі таңда 2 мыңдай педофил бостандықта және оның 20 пайызы өз қылмыстарын қайта жасайды.

Осы тұста құқық қорғаушылар мен психологтар алаңдаушылық танытты.

Қылмыскерлерді ешкім бақылауда ұстамайды, олармен арнайы мамандар жұмыс істемейді.